Компания туралы
Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Жалғыз акционері (бұдан әрі – МЖӘ Орталығы) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
МЖӘ Орталығы концессия не бюджеттік инвестициялар негізінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізетін ұйым болып табылады.
Мақсаты – концессиялық жобалардың іске асырылуын әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Міндеттері:
Концессиялық және бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалау мен экономикалық сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында институционалдық жүйені жетілдіру жөнінде уәкілетті орган мен мүдделі мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар әзірлеу.
- концессиялық ұсыныстарды экономикалық сараптау; - концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін экономикалық сараптау;
- конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау;
- концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурс қатысушылары ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау;
- концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптау;
- концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарын сараптау;
- концессиялық жобаларды, оның ішінде бюджеттен қоса каржыландыру шартымен іске асырылуына бағалау;
- республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау;
- мемлекет кепілін беру үшін инвестициялық жобаларды экономикалық сараптау;
- республикалық бюджет есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды экономикалық сараптау;
- бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау;
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу және бағалау;
- бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылатын концессиялық жобаларды мониторингілеу;
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы заңнаманы және әдіснамалық базаны жетілдіру жөнінде уәкілетті орган мен мүдделі мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарды дайындау;
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
МЖӘ Орталығының құрамы мемлекеттік қызметте, сондай-ақ бизнесте жұмыс тәжірибесі бар 80 жоғары білікті мамандардан тұрады



